Оралда полицияға көмектесетін студенттік жасақтардың тұңғыш слеті өткізілді

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде полицияға қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесетін студенттік жасақтардың тұңғыш слеті өткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы қаңтар айында М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде құрылған студенттік жасақтар тиімділігін көрсете білді. Облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, студенттік ортада ұрлық пен тонау, сондай-ақ бұзақылық ең жиі кездесетін қылмыс болып отыр.

Студенттік жасақтар көмегімен 140 тәртіп бұзушы ұсталды. Ең белсенді жастар еңбегі үшін жалпы сомасы 190 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Болашақта студенттерді көше күзетіне, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тарту көзделуде.

Аталмыш слет оң тәжірибені өзге оқу орындары арасында тарату мақсатында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар