+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Оралда полиция қызметкері мас күйінде жол апатына ұшырады

2021 жылғы 14 маусым 17:51
Бөлісіңіз:
Оралда полиция қызметкері мас күйінде жол апатына ұшырады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда полиция қызметкері мас күйінде жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде көлік қаққан велосипедші ауруханада көз жұмды Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты СҚО-да жүк көлігі полицейлердің бақылау бекетіне соғылды

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 13 маусым күні сағат 02.39-да М.Шолохов пен Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болды.

Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы «Фольксваген Пассат» көлігімен арақашықтықты сақтамай, алда кетіп бара жатқан, 33 жастағы әйел жүргізген «Ауди А4» автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

«Екі жүргізуші де медициналық куәландыруға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші әйел айық, полиция қызметкері жеңіл дәрежелі мас күйінде болған», деді Б.Белгібеков.

Б.Белгібековтің сөзіне қарағанда, полиция қызметкері 12 маусым күні кешкісін үйінде аздаған мөлшерде спирттік ішімдік ішкенін, сосын ұйықтауға жатқанын айтқан. Бірақ сағат 02.15-те жұмысқа шақыртқаннан кейін автокөлік руліне отырған.

«Полиция қызметкерін шынында да жұмысқа шақыртқаны анықталды. Қазіргі кезде оған қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Соның қорытындысына сәйкес ең қатаң шара алынатын болады», деді Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің әйел адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT