Оралда полицейлер аударылған автокөліктен үш адамды шығарып үлгерді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда полиция қызметкерлері аударылған автокөліктен үш адамды шығарып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 15 маусым күні Желаев кенті маңында болған.

Чкалов көшесінде шамамен сағат 04.00-де «Лада Калина» автокөлігі аударылып қалған.

Сол маңнан патрульдік автокөлікпен қызмет бабымен өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері дереу көмекке ұмтылды.

«БҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция подполковнигі Арман Сарбалинов пен батальон инспекторы, полиция аға лейтенанты Александр Калиничев өз өміріне қауіп төнетінін біле тұра, аударылған көліктен үш адамды алып шықты. Сәлден кейін автокөлік жарылып, өртеніп кеткен. Көрсеткен батырлығы үшін аталған қызметкерлер ынталандырылатын болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөлік аударылып, жүргізушінің қаза тапқанын, Оралда автокөлік қаққан велосипед мінген ер адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар