Оралда полицейге пара бермек болған мас жүргізуші ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда полицейге пара бермек болған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тоқтатқан кезде рульде М. деген азамат болған.

Мас күйінде қолға түскендіктен, ол мәселені шешпек болып, полицейлерге 5 мың теңге ұсынған.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 367-бабына (пара беру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ол сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабына (жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы) сәйкес жауапқа тартылатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қыз зорлады деген күдікпен 2 адамның қамауға алынғанын, БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты үкімнің өзгеріссіз қалдырылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар