Оралда пластикалық орындыққа 6 айлық баланың басы қыстырылып қалды
2022 жылғы 16 қаңтар 17:59

Оралда пластикалық орындыққа 6 айлық баланың басы қыстырылып қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда пластикалық орындыққа 6 айлық баланың басы қыстырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 қаңтар күні «Бәйтерек» шағынауданында болды.

Сағат 13.06-да Үркер көшесіндегі үйде пластикалық орындыққа кішкентай қыздың басы қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен.

Шұғыл жеткен құтқарушылардың жедел іс-әрекеті нәтижесінде 6 айлық қыз бала құтқарылды.

БҚО ТЖ департаменті балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз.



Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT