Оралда пара алған мемлекеттік қызметкер сотталды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Орал қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадалағалау басқармасының жетекші маманы болып жұмыс жасаған кезінде пара алған Зинаида Стенинаға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған қызметкер рейдтік тексеру кезінде орталық базардағы сауда нүктелерінің бірінен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтаған. Кейін сауда нүктесінің иесі Х. деген азаматқа әкімшілік айыппұл салынатынын айтып, бұдан құтылудың бір жолы өзіне 15 мың теңге көлемінде сыйақы беру деп «түсіндірген». Алайда ойлағаны болмай, жұмыс кабинетінде пара алу үстінде қолға түсті.

Орал қалалық соты З.Стенинаны ҚР ҚК 311-бабы, 2-бөліміне сәйкес (пара алу) кінәлі деп тауып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырып, екі жыл сынау мерзімін белгілеуге, үш жылға мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыруға үкім етті.

Соңғы жаңалықтар