Оралда пара алған қос полиция қызметкері сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен бұрынғы полиция қызметкерлері Марат Ахметғалиев пен Айбек Серденов сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қалалық соттан түскен мәліметке қарағанда, Орал қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік қызметі батальонының қызметкерлері М.Ахметғалиев пен А.Серденов биылғы сәуір мен мамыр айының аралығында кезекшілік кезінде алдын ала сөз байласып, әкімшілік құқықбұзушылыққа барған азаматтарды жауапкершілікке тартпау үшін олардан пара алып отырған. Сонымен қатар М.Ахметғалиев мас күйінде ұсталған Д-мен сөзге келіп, оған дене жарақатын салған.

Сот үкімімен М.Ахметғалиев ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2, 4-тармақтарына (алдын ала сөз байласып, топ болып бірнеше рет пара алу) және 362-бабы 4-бөлігі 1-тармағына (күш көрсете отырып, қызмет бабын немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) сәйкес айыпты деп танылып, ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі негізінде мүлкін тәркілеумен және жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығын өмір бойына айырумен бірге бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

А.Серденов ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен және жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығын өмір бойына айырумен бірге оған параның жетпіс еселенген мөлшерінде, яғни 70 мың теңге айыппұл салынды. 

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар