+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

2021 жылғы 11 тамыз 19:05
Бөлісіңіз:
Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда бір аптада жедел жәрдемге 6 мыңға жуық қоңырау шалынды Батыс Қазақстанда 230-ға жуық оқушыдан коронавирус анықталды Батыс Қазақстанда 232 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні таңмен «Самал-3» шағынауданында «Set Sail» демалыс аймағы аумағында болды.

Сағат 09.10-да күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған. Марқұм сағат 08.00-де белгісіз жағдайда киімшең күйінде суға батып кеткен.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Осымен өңірде жыл басынан бері 27 адам суға кетсе, соның 9-ы – жасөспірімдер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT