+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Оралда орыс театрында «Жәңгір хан» сахналанды

2019 жылғы 14 желтоқсан 03:48
Бөлісіңіз:
Оралда орыс театрында «Жәңгір хан» сахналанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында «Жәңгір хан» спектаклінің премьерасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-дағы Погодин драма театры көрермендерін бірнеше премьерамен қуантпақ Желтоқсан айында «Астана опера» көрерменге қандай туындыларды ұсынады Алматы әкімі театрды туристер үшін қалай тартымды ету керектігін айтты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орыс тілінде қойылған шығарма Тәуелсіздік күніне арналды.

Батысқазақстандық өлкетанушы Жайсаң Ақбай жазған туындыны театрдың бас режиссеры Оксана Малуша сахналады. Суретшісі – Максим Будаев.

Спектакль барысында тақырыпқа қатысы бар кейбір маңызды оқиғаларды театр әртісі, В.Ермакова атындағы Ресей сыйлығының лауреаты Руслан Джумахметов еске түсіріп, баяндап отырды.

Бір жағында көтеріліске шыққан Исатай мен Махамбет, желке тұсынан патша отарлаушылары төніп, екі оттың ортасында қалса да, қоластындағы елін отырықшылық пен өркениетке, білім алуға үндеп, алға жетелеген Жәңгір ханның бейнесін Анатолий Громов сомдаса, оның сүйікті ханшасы әрі сенімді серігі Фатима рөлінде Наталья Копеечкина көрінді. Басқа да әртістер қазақ тарихында орны бар тұлғаларды сахнаға алып шығуға тырысты.

Тарихи оқиғаларға негізделген шығарманы сахналау үшін режиссер мен суретші, әртістер, жалпы театр ұжымы барынша еңбектенген. Дегенмен олқы соғып жатқан тұстары болды, Исатай мен Махамбеттің, ақын рөліндегі әртістің киімдері де келіңкіремейді.

Ең бастысы, 160 жылдық тарихы бар театрдың қазақтың соңғы хандарының бірі, күрделі де қайшылықты тұлға Жәңгірге бет бұруы қуантты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT