Оралда өрттен ер адам қаза тапты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда бүгін тұрғын үйдегі өрт салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, С.Есқалиев көшесі 178-мекенжайындағы қос қабатты үйдің 8-пәтерінде өрт болып жатқаны жөнінде сағат 01.55-те хабар түскен.

Екінші қабаттағы өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыған. Өрт сағат 02.43-те сөндірілген. Оқиға орнынан 1972 жылғы ер азаматтың мүрдесі табылған.

Қазіргі кезде өрттің мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұдан бір күн бұрын, 6 мамыр күні сағат 14.13-те Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі Первомай елді мекенінде мал ұстауға арналған аумағы 924 шаршы метр қора-қопсының төбесі жанған. Өрт 17.19-да толықтай ауыздықталған. Мұнда зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша от электрмен пісіру жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.

Соңғы жаңалықтар