Оралда орманда адасып кеткен тұрғын құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда орманда адасып кеткен тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың айтуынша, оқиға кеше орын алды.

Сағат 12.00-де 1994 жылғы жас жігіт құтқару қызметіне хабарласып, өзінің адасып кеткендігін айтқан. Ол отбасындағы келіспеушіліктен кейін таңғы сағат 05.00-де Курени ауданындағы үйінен шығып, Жайық өзені арқылы өтіп, тоғайға кірген.

Тұрғын өзінің қай жерде екендігін түсіндіре алмады. Оны іздеуге полиция қызметкерлері де қатысты.

Іздеуге 35 құтқарушы, 2 кинологиялық топ, 6 техника, 2 қаршана жұмылдырылды. Арнайы үйретілген «Джесси» мен «Мари» иттері де шықты.

Ұзақ іздеуден кейін 20.00-де құтқарушылар адасып кеткен тұрғынның ізіне түсті. Сағат 01.00-де құтқарушылар Нұрмұхан Жұмағалиев пен Мәрлен Берқалиев қатты тоңған жігітті Утюжный затон ауданындағы қалың орман ішінен тапты. Оған алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, сағат 02.00-де жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

«Қараңғылық түскеннен кейін іздеу қиындай түсті. Қаршанамен жүру мүмкін болмағандықтан, шаңғыға тұруға тура келді. Жігіттің жағдайы қиын болғанына қарамастан, ол да шаңғымен бір сағат бойы жүріп, орманнан шыға алды», деді №3 құтқару бөлімшесінің басшысы М.Берқалиев.

Соңғы жаңалықтар