Оралда Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған халықаралық турнир мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда өмірден ерте кеткен белгілі балуан Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан халықаралық турнир мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, дәстүрлі жарыста батысқазақстандық дзюдошылар да жүлделі орындарға ілікті. Атап айтқанда, 42 келіде Сұлтанбек Мәжитов чемпион атанса, Ерлан Оңалов екінші орынды иеленді. Сондай-ақ 50 келіде Тоқтар Үмітәлиев бірінші, Мансұр Қуанышев екінші, 55 келіде Замир Ермекқалиев бірінші, Қазбек Жолдасқалиев екінші, 60 келіде Әділбек Сейсов үшінші, 66 келіде Саят Сейталиев бірінші, 73 келіде Бейбіт Мәдиев бірінші, Теміржан Құдабаев үшінші орынды еншіледі.

Соңғы жаңалықтар