Оралда «Орал аруы - 2016» байқауы мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыстық қазақ драма театрында «Орал аруы - 2016» байқауы мәреге жетті.

Сұлулық байқауына барлығы 12 үміткер қатысты. Маусым айында іріктеуден өткен олар үш ай бойы би мен актерлік шеберлікке үйренді, түрлі шараларға қатысты.

Бес кезеңнен тұрған сайыс барысында арулар өздері туралы әңгімелеумен бірге ұлттық киімдермен сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасының сауалдарына жауап беріп, ой-өрелерінің қандай деңгейде екендігін танытты.

 Ұйымдастырушылардың бірі Көркем Дауымованың сөзіне қарағанда, аталмыш байқауға қатысқан 16-22 жас аралығындағы үміткерлердің бәрі де тиянақты әзірленген. Ең бастысы, ашық-шашық емес, ұлттық киім киген қыздардың әдемі жүрісі мен қимылдары, өнері мен сауалдарға тиянақты жауап беруі жиналған көпшілікке жақсы әсер қалдырды. 

  Байқау қорытындысында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті, 18 жасар Айнұр Шаймарданова жеңімпаз атанды. Оған сый ретінде Парижге жолдама берілді. А.Шаймарданова сонымен қатар бірінші орынды иеленген Алина Әбдуғалиевамен бірге «Қазақстан аруы - 2016» байқауында облыс намысын қорғайды.

Айта кетейік, «Орал аруы - 2016» - қала күні аясында ұйымдастырылып отырған шаралардың бірі.

null

 null null null null 
null 

Соңғы жаңалықтар