Оралда өнеркәсіптік меншік нысандарын құқықтық қорғау мәселелеріне арналған республикалық семинар өтіп жатыр

None
None
ОРАЛ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің ұйымдастыруымен өнеркәсіптік меншік нысандарын құқықтық қорғау мәселелеріне арналған республикалық семинар өткізілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш комитет төрағасының орынбасары Лиза Стамбекованың айтуынша, еліміз ДСҰ-ға кіру қарсаңында. Бұл ұйым тауар таңбаларының қорғалуын, өнеркәсіптік меншікке қатысты басқа да құқықтардың сақталуын қатаң қадағалайды. Сондықтан бұл мәселеге аса жауапты қарау керек. Семинарда аталмыш комитеттің өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі басқарма бастығы Алтынбек Айтымбетов «Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы өнеркәсіптік меншік нысандарын құқықтық қорғаудың маңызы» деген тақырыпта баяндама жасаса, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМКК-ның пайдалы үлгілер мен жасалған туындыларды сараптау қызметінің жетекшісі Алтынай Батырбекова өнер туындысына, соның ішінде өнеркәсіпке арналған пайдалы үлгілерді құқықтық қорғау жөнінде түсінік берді. Селекциялық жетістік, тауарлық белгілерді қорғау туралы да баяндамалар оқылып, пікір алысылды.

Семинар қазанның 29-да қорытындыланбақ.

Соңғы жаңалықтар