Оралда оқушылар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда оқушылар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға қала мектептерінің бірінде 19 наурыз күні болды.

Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірованың айтуынша, төбелесіп жатқандарды арашалаған 10-сынып оқушысы көзінен жарақат алған.

«Оқушыға облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесінде ота жасалды. Жасөспірім палатаға ауыстырылды. Қазіргі кезде құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ү.Жәңгірова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда оқушы қыздың жетінші қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар