+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Оралда оқушы қызды ұрламақ болған күдікті ұсталды

2019 жылғы 18 қазан 16:27
Бөлісіңіз:
Оралда оқушы қызды ұрламақ болған күдікті ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда оқушы қызды ұрламақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-та әскери кемеде болған жарылыстан 21 адам зардап шекті Ақсу қаласында 21 жастағы қыз суға батып кетті Өскеменде пәтердегі газ қопарылысынан бір адам зардап шекті

БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың мәлім еткеніндей, аталған оқиға туралы қыздың ата-анасы бірден полицияға жүгінбеген.

Әлеуметтік желіде ақпарат тарап кеткеннен кейін жедел тергеу тобы мен учаскелік инспектор қыздың мекенжайына барып, содан соң тергеу амалдары жүргізілді.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 1973 жылғы ер адам қолға түсті. Қыз оны таныды. Кеше ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған болатын. Бүгін қылмыс 125-бап 2-бөлігіне (адам ұрлау) қайта дәрежеленді. Қылмыстың анық-қанығы туралы кейін айтылатын болады», - деді С.Сүйінбаев.

Ол, сондай-ақ, қызды құтқарып қалған әйелдің кім екендігі анықталып жатқандығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мектеп оқушысын ер адамның ұрлап кетпек болғанын жазған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT