Оралда оқушы қыз жетінші қабаттан секіріп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қыз бала жетінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 11.30-дар шамасында орын алды.

Бастапқы мәлімет бойынша қала мектептерінің бірінде 7-сыныпта оқитын, 2006 жылғы жасөспірім осылайша өз өміріне нүкте қойғысы келген.

«Абырой болғанда, қыз бала аман қалды. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде Орал қалалық полиция басқармасы осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар