Оралда өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өгей қызын зорлаған әкеге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат П-ны жас баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды (121-бабы 4-бөлігімен).

Орал қаласының тұрғыны П. 2008 жылы туған өгей қызына сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасаған. П-ның кінәсі жәбірленушінің және заңды өкілдің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен, беттестіру, оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен және сараптама қорытындысымен дәлелденген.

Прокурор П-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурормен келісті.

Сотталушы және оның адвокаттары қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығаруды немесе сотталушының әрекетін ҚК 123-бабы 2-бөлігіне қайта саралауды сұрады.

ҚК 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіп дәрежесін, тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне ықпалын ескеріп, сот П-ны 20 жылға соттады.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіз мекемесінде өтейді.

П. педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Заңды өкілдің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталғаннан 7 000 000 теңге мөлшерінде моралдық өтемақы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.


Соңғы жаңалықтар