Оралда «Нұрлы жол» би фестивалі мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық қазақ драма театрында би өнерінің «Нұрлы жол» облыстық ашық фестивалі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Грация» би студиясы ұйымдастырған өнер байқауына қырықтан астам би ұжымдары қатысты. Мың жарымнан астам бишілер екі күн бойы қазақ, эстрадалық, шығыс, қазіргі заманғы, классикалық және әлем халықтарының билері бойынша бақ сынады. Олардың арасында 18 жастан асқандармен қатар 3-4 жастағы бүлдіршіндер де болды.

Қазылар алқасының төрағасы, би жөніндегі CID UNESCO халықаралық кеңесінің мүшесі Аслан Тілеуғалиевтің айтуынша, «Нұрлы жол» облыстық фестивалі осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын байқауға қатысушылардың көбеюі өңірде би өнерінің дамып келе жатқандығын көрсетеді. Мұндай сайыстар оқытушы-ұстаздардың шеберлігін шыңдаумен қатар жаңа есімдерді ашуға септеседі.

Үш бөлімге бөлінген байқау қорытындысында әр аталым бойынша үздік шыққандар медаль, кубок, дипломдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар