+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Оралда нан қымбаттады

2019 жылғы 4 қараша 17:28
Бөлісіңіз:
Оралда нан қымбаттады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында нан бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында нан бағасын тұрақтандыруға қосымша қаржы бөлінді Ақтөбеде нан өндірушілер бағаны өзара келісіммен көтерген болуы мүмкін Түркістан облысында әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге

Қазіргі кезде қала дүкендерінде жоғары сұрыпты нан бөлкесінің бағасы 119 теңгеге жетті.

Бөлкенің 19 теңгеге қымбаттауы астық бағасының жоғарылауына байланысты болып отыр.

Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы өзгеріссіз қалды. Мұндай бөлкенің бағасы – 80 теңге.

Бірінші сұрыпты нан ҚР Үкіметі 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген. Мемлекет ҚР Кәсіпкерлік кодексі 116-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес осы тізімге енгізілген 19 тағам түрінің бағасын реттейді. Сондықтан бірінші сұрыпты нан бағасының көтерілуі күтіліп отырған жоқ.

Жоғары сұрыпты нан бағасы облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандардың бірі – Бөкей ордасында да өсті. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, мұнда ақ нанның құны бұрын - 140 теңге болса, қазіргі таңда - 160 теңге, кей дүкендерде - 170 теңгеден сатылуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT