Оралда Н.Бірмановтың жүлдесі үшін еркін күрестен дәстүрлі турнир мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында КСРО спорт шебері, ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындары арасында КСРО біріншілігінің жеңімпазы Нұрлыбек Бірмановтың жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан 11 команда құрамында 160-тан астам балуан қатысқан бәсекеде салмақ дәрежелері бойынша Жалғас Сүйенов,  Қалдыбек Орынов (екеуі де Оралдан), Алпамыс Шапиғатов (Ақжайық ауданынан), Қуаныш Досқалиев (Орал), Нұрсұлтан Сағызбаев (Ақжайық), Қанат Мұсабеков (Қызылорда), Қайрат Орынғалиев (Ақжайық), Ақназар Шуақбаев (Орал), Нұржан Өмірбеков (Қызылорда) жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар Қанат Мұсабеков - үздік балуан, Дәулет Мұңайтпашев (Ақжайық) - үздік жаттықтырушы, Баймұрат Абдрахманов (Бөрлі), Уәлихан Тоқсанбаев (Теректі), Ерлан Халықов (Ақжайық) үздік төреші атанды.

Соңғы жаңалықтар