+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларға күш қолданған мұғалім сотталды

2020 жылғы 6 маусым 12:00
Бөлісіңіз:
Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларға күш қолданған мұғалім сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларға күш қолданған мұғалім сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақсу қаласында 21 жастағы қыз суға батып кетті Қасым-Жомарт Тоқаев: Аймағамбетов ойлануы тиіс Өскеменде пәтердегі газ қопарылысынан бір адам зардап шекті

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Орал қаласы прокуратурасы жүргізген талдау барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды қинау дерегі анықталды.

Атап айтқанда, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты кешенінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі К. мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді доппен ұрып-соғып, жүйелі түрде күш қолданған.

Қала прокуратурасының бастамасымен Орал қаласы полиция басқармасының Абай бөлімі К-ге қатысты ҚР ҚК 110-бабы 1-бөлігі 2-тармағына (ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді.

Алайда мүмкіндігі шектеулі балалардың заңды өкілдері мен ата-аналары тарапынан шағым түспеуіне және қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

Қабылданған шешіммен прокуратура келіскен жоқ. К-ға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің күші жойылып, сотқа қайта жолданды.

Орал қалалық сотының үкімімен бұрынғы мұғалім ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытып, оны тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау немесе тиісінше орындамау) сәйкес айыпты деп танылып, ол 80 сағат көлемінде қоғамдық жұмысқа тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жасөспірімдер еңбегін заңсыз пайдалану деректері белгілі болғанын жазған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT