+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Оралда мұғалім жалған вакцина паспортын жасатты деп айыпталып отыр

2021 жылғы 14 шілде 14:15
Бөлісіңіз:
Оралда мұғалім жалған вакцина паспортын жасатты деп айыпталып отыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда мұғалім коронавирусқа қарсы вакцинаны растайтын төлқұжатты қолдан жасатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мой город порталына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавл тұрғындары шекарадан кедергісіз өткізу үшін ПТР тестін қолдан жасап, сатып келген Маңғыстауда вакцина паспортын 30-50 мың теңгеге сатқан дәрігерлер анықталды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыс орталығы мектептерінің бірінде жұмыс істейтін 37 жастағы мұғалім маусымның 5-15 аралығында COVID-19 вирусына қарсы вакцина туралы жалған паспорт жасатқан.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабымен (құжаттарды жалған жасату, дайындау немесе сату) сот алдындағы тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - деп баяндады полиция.

Бұл ретте тәртіп сақшылары жалған құжатқа дәрігерлердің қатысының бар-жоғын нақтылаған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT