Оралда мотоцикл мен автокөлік соқтығысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда мотоцикл мен автокөлік түйісіп, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше Әбілқайыр хан даңғылы мен Циолковский көшелерінің қиылысында орын алды.

«Фольксваген Вента» автокөлігі мотоциклмен соқтығысқан. Соның салдарынан мотоциклде отырған екі адам жарақат алған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, олардың біреуі - 20 жасар қыз, екіншісі - 14 жасар жасөспірім.

Алдын ала мәліметке қарағанда, облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылған екеуі де жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Оған қоса қыздың шүйдесі, жасөспірімнің көптеген жері соғылып, көгерген.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар