Оралда «Men qazaqpyn» мегажобасының жеңімпаздары анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда «Men qazaqpyn» халықаралық мегажобасы облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен облыстық әкімшіліктердің қолдауымен «Qazaqstan» ұлттық арнасы биыл екінші рет ұйымдастырған жоба мақсаты - қазақтың ұлттық коды болып есептелетін ән, терме және күй өнерін насихаттау.
Байқауға 18-40 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, облыстың барлық аудандарында іріктеу кезеңдері өтті. Солардың арасынан 136 үміткердің 44-і оза шауып, облыстық кезеңге қатысты. Соның ішінде 14-і Жастар мәдениет үйінде өткен гала-концертте өнер көрсетті.
null  

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев «Men qazaqpyn» бірлескен мегажобасының ел ішінде көрінбей жүрген жас таланттарды тауып, үлкен сахнаға шығаруда маңызы зор екендігін жеткізді.

Белгілі әнші-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Хатимолла Бердіғалиев бұрынғы өнер байқауларындай емес, бас жүлде, бірінші-үшінші орындары жоқ бұл сайыста әр жанрдан бір-бір адамнан таңдау оңайлыққа түспегендігін айтты.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, біз үміткерлердің репертуарына да қарадық. Республикалық кезеңде додаға түскенде, олар әр мектептің туындысын орындай білуі керек. Жеңімпаздардың әлі ай жарымдай уақыты бар. Өткен жылы тәлімгерлер басқа жақтан келіп, шәкірттерін таңдап алып кеткен болатын. Биылғы жаңалық, облыстан өз тәлімгерлері қастарында жүреді. Елбасы Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Бұл - өнер адамдары үшін үлкен қуаныш әрі қолдау. Енді әр қазақ сол күні алаңда болсын, үйінде болсын домбыра тартып, ұлттық өнерімізді одан сайын асқақтата алады», деді Х.Бердіғалиев.

Осылайша Тасқала ауданынан келген Бейбіт Қажығалиев «Үздік әнші», оралдықтар Тілек Базаров «Үздік термеші» және Жасұлан Зинеденов «Үздік күйші» атанды. Енді олар Астана төрінде өтетін финалдық кезеңде өнер көрсететін болады.

null null 

null null 

Соңғы жаңалықтар