Оралда «Мемлекеттік тіл саясаты және салалық терминдерді қалыптастыру мәселелері» атты аймақтық семинар өткізілді

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда «Мемлекеттік тіл саясаты және салалық терминдерді қалыптастыру мәселелері» атты аймақтық семинар өткізіліп, оған теміржол саласы мамандары, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан аудармашылар қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинарға қатысушылар теміржол саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қолданыстағы терминдерді біріздендіру, салалық кәсіби сөздік қорын қалыптастыру бағытында пікір алмасты. Орал жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбековтің айтуынша, теміржол кәсіпорындарында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу 2008 жылғы шілденің 1-інен өріс алған. Қызметкерлер үшін бес айлық арнайы курс та ұйымдастырылған.

«Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Болат Жексенғалиев мемлекеттік тіл мәртебесін әлі де көтере түсу үшін әр саладағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруда бір жүйе қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар