Оралда мектеп-лицей жаңа ғимаратқа көшті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында тұңғыш Президент күніне орай 900 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ə.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей оқушылары осы кезге дейін қала орталығындағы 1881 жылы салынған ескі ғимаратта оқып келген еді.

Енді шəкірттер Зачаган кентінде жаңадан салынған заманауи ғимаратта білім алатын болады.

Жаңа мектеп ғимаратының ашылу рəсіміне қатысқан облыс əкімі Ғали Есқалиевтің атап өткеніндей, мемлекет тарапынан білім саласына ұдайы қолдау көрсетіліп келеді.


«Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев еліміз тəуелсіздік алғаннан бастап-ақ білім мен ғылым саласын дамытуға айрықша маңыз берді. Жас ұрпақтың толыққанды білім алуы үшін барлық жағдай жасалып отыр. Биыл облыста алты мектеп салынып жатса, 27 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мектеп сонымен қатар халық тығыз орналасқан осы Зачаган кентіндегі №47 жəне №10 үш ауысымдық мектептердің мəселесін шешуге де септігін тигізеді», деді өңір басшысы.

Жаңа мектепте Smart кабинеттер, робототехника, технология жəне өнер, биоллогия жəне химия кабинеттері, интерактивті жəне цифрлық зертханалар орналасқан. Мұның бəрі оқушылардың заман ағымынан қалмай, жаңашылдықпен білім алуына мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар