Оралда мектеп директорын автобус қағып кетті
2015 жылғы 9 қаңтар 16:44

Оралда мектеп директорын автобус қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 9 қаңтар күні таңертең Орал қаласында №13 бағытпен жолаушылар тасымалдайтын автобус №24 орта мектебінің директоры Татьяна Берсүгірованы қағып кетті.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, марқұм көшені өтуге болмайтын жерден кесіп өткісі келген.

Елу сегіз жастағы Т.Берсүгірова көп жыл бойы білім саласында қызмет етті. Соның ішінде 2006 жылдан бері №24 орта мектепке басшылық жасап келген. Орал қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған.

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының жай-жапсары анықталуда.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT