+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Оралда медицина қызметкері 15-тен астам адамға жалған вакцинация паспортын жасаған

2021 жылғы 6 қыркүйек 13:40
Бөлісіңіз:
Оралда медицина қызметкері 15-тен астам адамға жалған вакцинация паспортын жасаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оралда медицина қызметкері 15-тен астам адамға жалған вакцинация паспорттарын жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Pfizer вакцинасы 5-11 жас аралығындағы балаларға 90% тиімді Коронавирус: Ақтөбеде карантин жеңілдеді Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жасанды вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату үшін оларды жасағандарға да, тапсырыс берушілерге де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бүгінгі таңда Қаржылық мониторинг агенттігі вакцинация жалған паспорттарын жасау дерегі бойынша еліміздің 13 өңірінде 26 сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. 86 адамға қылмыстық жауапкершілік жүктелмек.

Қаржылық мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Орал қаласындағы емханалардың бірінің қызметкерімен вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың кезекті дерегін анықтады.

Медицина қызметкері ақшалай сыйақы үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Вакцинация» электрондық модулінде вакцинацияны алғаны туралы белгілер журналына көрінеу жалған мәліметтер енгізген.

Осылайша, 15-тен астам адамға COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналаудың жалған электрондық паспорттары берілді.

Тапсырыс берушілердің негізгі бөлігі – бұл мектепке дейінгі ұйымдардың және сауда саласының қызметкерлері.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT