Оралда медбикеге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда медбикеге шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 19 қыркүйек күні болды.

Қаладағы №6 емхана қызметкері есепте тұратын емделушінің үйіне дәрі-дәрмек әкелген. Сол кезде жас қызға ер адам шабуыл жасап, оған дене жарақатын салған. Сондай-ақ сөмкесі мен телефонын тартып әкеткен.

Орал қаласы ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, хабар сол күні сағат 14.00-де түскен.

Күдікті оқиға орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай қолға түскен. Тартып алған заттары тәркіленді.

Қазіргі кезде күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат беріліп, ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі (кісі тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар