Оралда мас жүргізуші көлігімен әйелді қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жүргізуші мас күйінде әйелді көлігімен қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облытық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 29 шілде күні шамамен сағат 18.30-да болды.

Айталиев көшесі бойында «Береке» АҚ тұсында 1980 жылғы жүргізуші «Mitsubishi Carisma» автокөлігімен жол жанында жүріп бара жатқан әйелді қаққан. Содан кейін теміржол өткелі алдында тоқтап тұрған, 1985 жылғы жүргізуші айдаған «Lexus RX-300» автокөлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші сол жерде жан тапсырды.

Орта дәрежелі мас күйінде болған «Mitsubishi Carisma» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі ережесін бұзу) және 347-бабына (жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да әйелі мен екі қызын өлтірген тұрғынның өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар