Оралда мас жүргізуші айдаған көлік көпірден ұшып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда мас жүргізуші айдаған автокөлік жол апатынан кейін көпірден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 наурыз күні кешкісін қала аумағындағы Самара-Шымкент жолы бойындағы көпірде болған.

Теректі ауданы Подстепный ауылы бағытында 1953жылғы жүргізуші «Audi A6» автокөлігімен қатты жылдамдықпен келіп, алдында кетіп бара жатқан «Volkswagen Passat» автокөлігін соққан.

«Audi A6» автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, темір қоршауды бұзып өтіп, көпірден аударылып түскен.

Түрлі жарақат алған «Audi A6»-дің жүргізушісі облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған жүргізушінің облыстық ауруханада жатқандығын растады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің қоршауға ілініп қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар