+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полиция қызметкерінің ісі сотта қаралды

2021 жылғы 22 маусым 13:47
Бөлісіңіз:
Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полиция қызметкерінің ісі сотта қаралды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанның оңтүстігінде болған көлік апатынан сегіз адам көз жұмды Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай 1149 іс-шара өткізілді - БҚО СҚО-да жүк көлігі полицейлердің бақылау бекетіне соғылды

БҚО сотының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталған полиция қызметкері 13 маусымда түнгі сағат 03.00 шамасында «Фольксваген Пассат» автокөлігін айдап келе жатып, «Ауди А4» көлігімен соқтығысуға жол берген.

Анықталғанындай, ол көлікті мас күйде жүргізген. Полиция қызметкері өз кінәсін сотта мойындады.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан жүргізушінің мас күйінде автокөлік айдауы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға жазаланады. Алайда полиция қызметкері қамауға алудан босатылды. Өйткені бұл шараны Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 32-бабы 2-бөлігіне сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолдануға болмайды.

Дегенмен полиция қызметкеріне тәртіптік жаза төніп тұр. Іс материалдары шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне жолданды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс 21 маусымда сот өндірісіне келіп түсті және сол күні қаралды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полиция қызметкерінің мас күйінде жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT