Оралда мангалға тамақ пісірем деп күйіп қалған екі адам ауруханаға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі адам күйік жарақатын алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға 24 наурыз күні кешкі сағат 20.00-де болған.

Жеке үй аумағында мангалда тамақ дайындау кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған (отты тұтатуға бензин қолданылған).

Соның салдарынан 1997 жылғы жылғы жігіт қолынан 0,5 пайыз, 2000 жылғы қыз денесінен 50 пайыз күйік жарақатын алған. Екеуі де облыстық ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, қыз ауыр халде қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мас жүргізуші айдаған көліктің көпірден ұшып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар