Оралда LADA Samara үш автомобильді соғып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда 4 автокөлік соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше кешкісін Еуразия даңғылы бойында орын алды.

Мұз айдыны сарайы тұсында «ВАЗ-2114» (LADA Samara) автокөлігі әуелі «Ниссан Алмера», сосын қарсы бетке шығып кетіп, «Фольксваген Венто», «Хендай» автокөліктерімен соқтығысқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 20.05-те түскен. Жедел жәрдем көлігі 5 минуттан кейін жеткенімен, зардап шеккендер ауруханаға барудан бас тартқан. Содан кейін сағат 20.42-де қайтадан шақыртылған. Денесі көгеріп, жарақат алған 30 жастағы жігіт пен 26-дағы келіншек облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Еске сала кетейік, кеше Еуразия даңғылында дәл осы маңда қос көлік соқтығысып, екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар