Оралда қызға қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласы Чкалов көшесіндегі теміржол өткелі тұсында белгісіз біреу 1977 жылғы азаматшаны пышақпен қорқытып, қолдорбасын тартып алады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, кейін полицейлер қыздың айтуымен күдіктіні сол маңдағы гараждардың бірінен қолға түсірді. Азаматшаның заттары, соның ішінде 12 мың теңгесі кейін қайтарылды. Оған шабуыл жасаған Зеленов ауданы Дариян ауылының 24 жасар тұрғыны болып шықты. Оның үстінен ҚР ҚК 132-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Статистикалық деректер бойынша биылғы тоғыз айда әйелдерге қатысты 864 қылмыс жасалған.

Соңғы жаңалықтар