+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Оралда қызды қағып кеткен полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

2019 жылғы 19 қараша 14:09
Бөлісіңіз:
Оралда қызды қағып кеткен полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 22.30-да Жәңгір хан мен Е.Брусиловский көшелерінің қиылысында болды.

Патрульдік қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты, 26 жастағы Ринат Баймұқашев қызметтік көлігімен Орал қаласында тұратын 21 жастағы жүргіншіні қағып кеткен.

Түрлі жарақат алған бойжеткен қалалық көпбейінді аурухананың травматологиялық бөлімшесіне жатқызылды. Ол ашық бас-ми жарақатын алған, бас сүйегіне, миына зақым келген, сондай-ақ оң жақ бұғанасы сынған.

Қазіргі кезде Р.Баймұқашевқа қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (жол ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Сонымен қатар тәртіптік комиссияның шешімімен ол қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ оның тікелей командирлері мен басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оған қоса, департамент басшылығы зардап шеккен Лариса Бейісованың туысқандарынан қарауындағы қызметкердің іс-әрекеті үшін кешірім сұрап, оған барынша жәрдем көрсетілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полиция автокөлігінің 21 жасар қызды қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT