+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Оралда күйеуі тұтқынға алған әйел босатылды

2019 жылғы 28 қараша 21:53
Бөлісіңіз:
Оралда күйеуі тұтқынға алған әйел босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орал қаласында тұтқынды босату операциясы сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды Қарағанды облысында жыл басынан бері 107 өрт оқиғасы тіркелді

«Орал қаласында тұтқынды босату операциясы өлім-жітімсіз және ауыр салдарсыз аяқталды. Полиция арнайы жасағы қару мен арнайы құрал-жабдық қолданбастан қаскүнемді ұстады. Операция сағат 19-45-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 20-45-те) аяқталды. Жұбайын кепілге алған азаматпен келіссөз жүргізушілер сағат 13-10-нан бастап келіссөз жүргізіп, ол 6 сағаттан астам уақытқа созылды. Диалогқа оның жақын туыстары мен достары да араласты. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін ол әйелін босатты және содан кейін оны арнайы жасақ қызметкері ұстады», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, тұтқында болған әйелдің аяғында пышақ жарақаты бар. Зардап шегушіні медицина қызметкері қарады және қазіргі уақытта онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқиға болған маңдағы үйлердің тұрғындары мен сол маңға жақын жүрген адамдар таяу жердегі орта мектеп ғимаратына орналастырылып, жылыту пункті жасақталған.

«ҚР ҚК 261 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қоршау алынып жатыр. Содан кейін тұрғындар өз үйлеріне орала алады», - деді ведомстводан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT