05:28, 27 Шілде 2020 | GMT +6
Оралда құтқарушылар екінші қабат терезесінен шығып тұрған баланы жерге түсірді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 3 жасар бала екінші қабат терезесінен құлап кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 26 шілде күні Н.Назарбаев даңғылы бойындағы №175 үйде болған.
Сағат 18.19-да 101 телефонына екінші қабатта ашық қалған терезе алдында кішкентай баланың тұрғаны жөнінде қоңырау шалынған.
Құтқарушылар (4 адам, 1 техника) 2017 жылғы баланы жерге түсіріп алды. Абырой болғанда, бүлдіршін зардап шеккен жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 5 жасар баланың төртінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.