Оралда құрылыс вагоны өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда бүгін құрылыс вагоны өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, Құрманғазы мен С.Ақмұрзин көшелерінің қиылысында құрылыс вагонының ішкі тысы өртеніп жатқаны жөнінде сағат 13.35-те хабар түскен.

Оқиға орнында 1 техника мен жеке құрамнан 5 адам жұмыс жасады. 10 шаршы метрді қамтыған өрт 14.10-да сөндірілді.

nullЗардап шеккендер жоқ.

«Қазіргі кезде вагонның иесі, өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар мен келтірілген шығын анықталуда», деді Н.Мұқанова.

Айта кетейік, вагон БҚО ішкі істер департаменті ғимараты маңында орналасқан.

Фото: mgorod.kz

Соңғы жаңалықтар