Оралда құрылыс нысанынан ер адам құлап, көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 9 желтоқсан күні Оралда құрылыс нысанында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1968 жылғы ер адам қауіпсіздіктің сақталмауы салдарынан Зачаган кентінде салынып жатқан нысаннан құлаған. Марқұм сол күні сағат 12.00-де облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөліміне сәйкес (еңбек қорғау ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалып, Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Азамат Айтуевтің айтуынша, өндірістік жазатайым оқиғаның орын алғаны жөнінде хабарлама келген. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайы толық анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар