+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Оралда құны 7 млрд теңге тұратын жылыжай кешені салынуда

2020 жылғы 29 мамыр 22:07
Бөлісіңіз:
Оралда құны 7 млрд теңге тұратын жылыжай кешені салынуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда құны 7 млрд теңге тұратын жылыжай кешені салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дүниежүзілік банк Қазақстанға мал шаруашылығын дамытуға $500 млн беруге шешім қабылдады Қарағандыда ферма жылқы алуға берілген 26 млн теңгені басқа нәрсеге жұмсаған Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, 5 гектар аумақта аталмыш кешенді нидерландылық технология негізінде тұрғызылуда.

Жылыжай жылына 3 мың тонна көкөніс өндіре алады. Кешен іске қосылған кезде 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаевтың айтуынша, кешеннің құрылысы негізінен бітіп тұр.

«Кешеннің құрал-жабдықтарын шетелдік мамандар келіп орнатуы керек. Әзірге олар коронавирус індетіне байланысты келе алмай отыр. Жылыжай кешенін қыркүйек айында пайдалануға беру көзделуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Құланбаев.

Айта кетейік, әкімдік деректеріне қарағанда, ауыл шаруашылығы саласында тағы бір ірі инвестициялық жобаны «Кублей» ЖШС қолға алды. Мұнда ауысымына 600 дана ірі қара мен ұсақ мал терісін өңдейтін цех құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаның құны – 700 млн теңге.

Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 4,3 млрд теңге несие көздеріне қол жеткізді.

Төрт айдағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 27 млрд теңгені құрады. Салаға 1,6 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 1,4 есеге артық.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 516 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себілгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT