Оралда қоспәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қоспәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 29 шілде күні сағат 12.30-да «Зачаган» бау-бақша серіктестігінде орын алған.

Өрт аумағы 200 шаршы метрді қамтыды. 33/1-учаскесіндегі пәтердің (120 шаршы метр) жиһаз, жеке заттары, тұрмыстық техника, қабырға, жақтаулары, төбесі отқа оранды. 33-учаскеде (80 шаршы метр) төбесі, ішінара пәтераралық қабырға-жақтаулары жанды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 13 адам, 4 техника жұмылдырылды.

Өрт 13.45-те оқшауланып, 14.35-те сөндірілді.

Өрт салдарынан қарт кісілері мен кішкентай балалары бар отбасы баспанасыз қалды.

Соңғы жаңалықтар