Оралда қос көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал қаласында бүгін қос көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы түске таман Еуразия даңғылы бойында Екінші база аялдамасы маңында орын алды. «Фольксваген Пассат» пен «Ауди» автокөліктері соқтығысқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем сағат 12.48-де шақырылды. Жедел жәрдем көлігі 12.54-те жеткен. Басынан жарақат алған 1971 жылғы әйел мен 2000 жылғы қыз  облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар