Оралда қос қабатты әкімшілік ғимараты өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралдағы Сырым Датұлы көшесі 23/3 мекенжайында қос қабатты әкімшілік ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Арайлым Ғанидың айтуынша, орман саудасы базасы аумағындағы өрт туралы хабар кеше түнгі сағат 23.10-да түскен.

Оқиға орнына 20 техника мен жеке құрамнан 59 адам шұғыл жіберілді.null 

Өрт аумағы 300 шаршы метр аумақты қамтып, әкімшілік ғимаратына жапсарлас қоймалар мен жиылған ағаштарға таралу қаупі төнген. Сондықтан барлық күш жұмылдырылды. Орман саудасы базасының иесі - «Иманғалиева» ЖК.

«Тілсіз жау» сағат 00.30-да оқшауланып, 01.40-та ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталу үстінде.

null 

Соңғы жаңалықтар