Оралда қос бірдей жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қос бірдей жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші оқиға бүгін таңмен Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында медколледж аялдамасы тұсында орын алды.

Жеңіл автокөлік ер адамды қағып кетті.

Жедел жәрдем сағат 07.31-де шақыртылып, алты минуттан кейін бригада жеткен. Бел омыртқасы ісіп кеткен 1965 жылғы ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді.

Тағы бір оқиға Еуразия даңғылы бойында «Әлем Плаза» сауда үйі маңында болды.

Бұл жолы стансаға қайтып келе жатқан жедел жәрдем көлігі басқа бір көлікке соқтықпау үшін кілт бұрылып, арыққа түсіп кетті.

Жедел жәрдем сағат 08.31-де шақырылып, бес минуттан кейін жетті. Жүргізуші жарақат алмағанымен, 1997 жылғы фелдьшер қыз зардап шекті. Сан еті көгерген ол ауруханаға барудан бас тартты.

Қазіргі кезде қос оқиғаның да жай-жапсары анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар