Оралда қос бірдей кісі өлтіру оқиғасы тіркелді

None
None
ОРАЛ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында соңғы аптада қос бірдей кісі өлтіру оқиғасы тіркелді.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 28 наурыз күні 21.20-да «Самал» шағынауданындағы «Парк Отель» қонақүй кешені маңынан «Фольксваген Пассат» автокөлігінің ішінен Зачаган кентінің зорлықпен өлтірілген 35 жасар тұрғынының мүрдесі табылған. Осы қылмысқа байланысты азиялық пішіндес екі жігіт күдікті ретінде танылып отыр. Олардың бірі 25-27 жаста, арық денелі, қоңыр жүзді, қара күрте киген. Екіншісі 30-35 жаста, бойы 170-175 см.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот сараптамасы тағайындалды, тергеу-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Екінші оқиға 1 сәуір күні Есқалиев көшесі бойындағы «Буратино» балалар әлемі» дүкенінде орын алған. 10.00 сағатта зорлықпен өлтірілген 1962 жылғы дүкен күзетшісінің денесі табылған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталмыш дүкеннен алтын бұйымдар, құжаттар және 3,114 млн. теңге сақталған темір сейф ұрланған.

Бұл оқиға бойынша да ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «з» тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар