Оралда қос азаматтықпен жүрген 20 адам жауапқа тартылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жыл басынан бері тұлғасын куәландыратын екі құжатпен жүруге қатысты 597 дерек анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Орал ішкі істер басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Қанат Мұқановтың айтуынша, екі елдің азаматтығы бар 20 адам жауапқа тартылған. «Соның ішінде шетел азаматтығын алған соң бұрынғы төлқұжатын дер кезінде тапсырмағаны үшін 12 адам әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді ол.

Соттың шешімімен тоғыз азаматқа екі жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, үшеуі Қазақстан аумағынан шығарылды.

«Үстіміздегі жылдың сәуір айында қос азаматтықпен жүрген РФ азаматшасы ұсталды. Ол Ресейден де, Қазақстаннан да зейнетақы алып келген. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, әйел шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, ол мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді», - дейді Қ. Мұқанов.

Соңғы жаңалықтар