Оралда қос автокөлік түйісіп, алты адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қос автокөлік түйісіп, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 12 шілде күні шамамен сағат 20.00-де орын алды.

Н.Назарбаев даңғылымен келе жатқан «ВАЗ-11183» автокөлігі М.Ықсанов көшесімен қиылыста солға бұрылған кезде қарсы беттегі «Лада 21144» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.

«ВАЗ-11183» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша аталған жол апаты салдарынан 6 адам зардап шекті. Олардың біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Қалғандары облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар