Оралда қос автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қос автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше түнде Жәңгір хан көшесі бойындағы «Жазира» аялдамасы маңында болды. «Мерседес» «ВАЗ-2110» автокөлігімен соқтығысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, соның салдарынан «Мерседес» автокөлігі «Феникс» сауда үйі алдында аударылып қалған.

Жедел жәрдем сағат 22.46-да шақырылып, екі бригада бес минуттан кейін жетті. 25 жасар жігіт жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

1995 және 1981 жылғы ер адамдар қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Еті көгерген 1981 жылғы ер адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Жамбасы шыққан 1995 жылғы жігіт ауруханаға жатқызылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растап, мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.



Соңғы жаңалықтар